Даму мүмкіндіктерін бүкіл әлем елдерімен бөлісті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 11 қараша

11 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың 8-інші халықаралық импорт көрмесі Шанхайда 10 қарашада шымылдығын жапты. Биылғы көрмедегі ниетті келісу көлемі 83,49 миллиард АҚШ долларына жетті, бұл алдыңғы кезекпен салыстырғанда 4,4%-ға өсіп, тарихи рекордтық көрсеткіш орнатты. Бұл Қытайдың ауқымды нарығының серпінділігі мен өміршеңдігін көрсетеді.

Қытай - әлемдегі екінші ірі тұтыну және импорт нарығы. Импорт көрмесі ел нарығының орасан зор әлеуетін және толық өнеркәсіптік тізбектің артықшылықтарын көрсетті. Франциядан келген Yunfan Intelligent Control, Канададан келген lululemon және Корея Республикасынан келген Amorepacific сияқты компаниялар импорт көрмесі арқылы жоғары және төмен ресурстарды тиімді байланыстырғанын, жергілікті өнеркәсіптік тізбекке ішкерілей енгенін және Қытай нарығына ұзақ мерзімді инвестиция салуға деген сенімін арттырғанын айтты.

Қытай сыртқы әлемге жоғары деңгейдегі ашықтығын бұлжытпай кеңейтті, теңдік пен өзара тиімділікті ұстанды және «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп құратын елдермен ынтымақтастықты тереңдете түсті; Қытай ең аз дамыған елдердің кәсіпорындарының көрмеге қатысатын санын едәуір арттыруға көмектесті; институционалдық ашықтықтың тиімділігін арттыру үшін басқару реформаларын алға тартты. Қазіргі уақытта Қытай 30 елмен және аймақпен 23 еркін сауда келісіміне қол қойды.

Қытайдың 8-інші халықаралық импорт көрмесі қолдау шаралары арқылы бірқатар ынтымақтастықты дамытуға ықпал етті. Қытай ашықтықпен реформалар мен дамуға дем берді, үнемі әлемдік экономикаға тұрақтылықты сыйлап, бүкіл әлем елдерімен мүмкіндіктерін бөлісіп, ортақ дамыды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото