Алматыда «Қазақстан мен Қытай: жастар тұрғысындағы дәстүр мен инновация» атты тәжірибе алмасу кездесуі өтті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 12 қараша

12 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 11 қарашада Алматы қаласында «Қазақстан мен Қытай: жастар тұрғысындағы дәстүр мен инновация» тақырыбымен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік алмасу кездесуі өтті. Кездесуде жастар Қытай-Қазақстан қатынастары, Қытай-Қазақстан ғылыми-технологиялық инновациялары мен ынтымақтастығы, Қытай мәдениеті және Қытайдың қазіргі қоғамы сияқты тақырыптар бойынша пікір алмасты.

Іс-шараны қазақстандық «Педагог» білім беру орталығы, Алматы логистика және коммуникация университеті, «Бір белдеу, бір жол» ғылыми-зерттеу және білім беру орталығы бірлесіп ұйымдастырды. Шараға қаланың ондаған орта мектептері мен колледждерінен 100-ден астам білім алушылар қатысты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото