WeChat шағын бағдарламасы арқылы Қытай-Қазақстан кедендік электронды кезек ресми түрде іске қосылды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 12 қараша

12 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 10 қарашада сағат 00:00-де Қытайдың Wechat ұялы байланыс қосымшасы жаңа шағын бағдарламаны ресми түрде іске қосты. Шағын бағдарлама арқылы қытайлық жүргізушілер елден шығар алдында Қазақстан шекара инспекциясы арнасында кедендік тексеруге жазыла алады.

Хабарламаларға сәйкес, бұл жүйе қытайлық жүргізушілерге кезекке тұруға және қазақстандық шекара инспекциясы арнасында тіркелуге жеке квота бөледі. Қытай-орыс екі тілді интерфейс жұмысты жеңілдетеді. Қазақстандық электронды кезек жүйесін пайдалану кезінде қытайлық жүргізушілердің тілдік кедергісін жойып, басқа да қолайсыздықтарды болдырмайды. Сол сияқты агенттікке қызмет көрсетудің жоғары шығындары мәселесін шешуге көмектеседі.

Бұл шағын бағдарламаның іске қосылуы Қытай-Қазақстан халықаралық автомобиль көлігі ынтымақтастығын тереңдетудің маңызды шарасы болып табылады.

Келесі қадамда екі тарап шағын бағдарламаның функцияларын оңтайландыруды, жүргізушілердің кері бағасы негізінде жетілдіруді, сондай-ақ Қытай мен Қазақстан арасындағы өзара байланысты ілгерілету үшін Қытай-Қазақстан электрондық лицензия жүйесін қондыруды жеделдетеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото