Жаңа энергетикалық көліктер алғаш рет ай сайынғы жаңа автокөлік сатылымының 50% - дан астамын құрады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 12 қараша

12 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Автомобиль өнеркәсібі қауымдастығының 11 қарашада жариялаған соңғы деректері мынаны көрсетеді: қазан айында Қытайда жаңа энергетикалық жаңа көліктердің ай сайынғы сатылымы алғаш рет жаңа көлік жалпы сатылымының 50% - ынан асып, 51,6%-ға жетті.

Ағымдағы жылдың алғашқы 10 айында Қытайдың автомобиль өндірісі мен сату көлемі сәйкесінше 27,692 миллион және 27,687 миллион автомобильге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10%-дан астамға өсті. Олардың ішінде жаңа энергетикалық көліктердің өндірісі мен сатылымы сәйкесінше 13,015 миллион және 12,943 миллионға жетті. Аталмыш көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сәйкесінше 33,1% және 32,7%-ға өсті; барлығы 2,014 миллион жаңа энергетикалық көліктер экспортталып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 90,4%-ға ұлғайды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото