Қытайдың ақылды «шағын тауарлары» шетелдік саудагерлерді қызықтырды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 12 қараша

12 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың шағын тауарлары дәстүрлі сапасы жақсы, бағасы арзан дейтін ерекшелігінен ғылыми-технологиялық жақтан жетілуге ауысып, бәсекелік мүмкіндігін арттырды. Жақында Чжэцзян өлкесінің Иу халықаралық сауда қаласында озық технологиялармен жабдықталған ақылды «шағын тауарлардың» жаңа партиясы нарыққа шығып, бұл көптеген шетелдік сатып алушылардың назарын аударды.

Сыртқы формасы аңғал көрінетін зерделі ойыншық көп тілді меңгеріп ғана қоймай, пайдаланушының сөз-сөйлеміне қарап оның көңіл-күйін аңғарып, тіпті күрделі сұрақтарға да жауап беріп, көңіліңізді көтере алады. Бұл ойыншықты Түркияның саудагерлері қатты ұнатып отыр. Өнім кәдімгі қуыршақтан интеративті түрде жаңартылып, ол тіл үлгілері мен эмоцияны тану функциясымен жабдықталып, қуаныш-жұбанышыңызды ортақтасатын серігіңізге айналды. Ойыншықтың бұл түрі нарықта танымал болды.

Қазіргі уақытта көптеген дәстүрлі ұсақ-түйек тауарлар зерделі болып жаңарған. Мысалы, қарапайым бір сақина сағаттың барлық функцияларын біріктіріп, нақты уақыт режимінде денсаулық деректерін бақылай алады. Қазір бұл сақинаға да шетелден сұраныс артып отыр.

Иу жаһандық цифрлық сауда орталығының операторы Ван Синго биылғы сатылым 100 миллион АҚШ долларына жететінін айтты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 есеге көп. Ол «Келесі жылы 2-3 есеге арттырамыз деп күтіп отырмыз», - дейді үмітпен.

Бас Кеден басқармасының мәліметі бойынша, осы жылдың алғашқы үш тоқсанында Қытайдың мерекелік керек-жарақтары, қуыршақтары және басқа да ойыншықтарының экспорты 50 миллиард юаньнан асты және олар әлемнің 200-ден астам елдері мен аймақтарына сатылды. Олардың көпшілігі шетелде танымал модельдерге айналды. Иу жаһандық цифрлық сауда орталығының ашылуымен ілесе, үй жиһаздарын, денсаулық сақтау мониторингін және басқа салаларды қамтитын смарт өнімдер жаһандық сатып алушылардың назарын аударуды жалғастыруда.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото