Такламакан шөлінде 500 000 жаңа көшет тамыр жайып келеді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 13 қараша

13 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Шыңжаңдағы Байинғолин Моңғол автономиялық облысының Чершен ауданында күзгі ағаш отырғызу маусымы басталды. Осы шараның арқасында құмның алдын алу мен бақылаудың алдыңғы шебінде 500 000 көшет тамыр жаяды.

Чершен ауданы Такламакан шөлінің оңтүстік-шығысында орналасқан, үш жағынан шөлмен қоршалған. 20 жылдан астам тынымсыз әрекет пен күш-жігерден кейін Чершен ауданы Чершен өзенінің шығыс жағалауындағы құм теңізінде солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзындығы 23 шақырым, шығыстан батысқа қарай ені 1-7 шақырым болатын жасыл дәліз қалыптасты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото