Биылғы жылдың алғашқы он айында Шыңжаң Қорғас кешенді еркін сауда аймағы трансшекаралық электрондық коммерция арнасымен 16,67 миллион сәлемдеме экспорттады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 13 қараша

13 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаң газетінің хабарлауынша, үстіміздегі жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Шыңжаңдағы Қорғас кешенді еркін сауда аймағы трансшекаралық электрондық коммерция арналары арқылы 16,67 миллион сәлемдеме экспорттаған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 78%-ға артқан.

Ақпаратқа сәйкес, бұл пакеттерге негізінен денсаулық сақтау өнімдері, косметика, ойыншықтар, ақылды киілетін құрылғы сияқтылар салынған. Бұйымдар Орталық Азия мен Еуропа елдеріне экспортталған.

Белгілі компания өкілі Сы Чживэйдің айтуынша, осы жылдың 20 қазанында «Қос 11» сауда фестивалінің алдын ала сатылымы басталғаннан бері компания қоймалары барлығы 960 000-ға жуық трансшекаралық электрондық коммерция тауарларын қабылдап, шетелдік тұтынушылардың жылдам тапсырыс беріп, уақытында тапсырып алу қажеттіліктерін қанағаттандырды.

Фото: Синьхуа

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото