- Барлық ақпарат
Гуандун Мэйчжоу помелосы ғылыми-технологиялық инновациялардың арқасында қарқынды дамыды

13 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Қазіргі өнімді жинау маусымында Гуандун өлкесінің Мэйчжоу ауданы помелодан мол өнім алды.
Мэйчжоудың географиялық ортасы мен климаттық жағдайы помелоның өсуіне өте қолайлы. Осындай жайлы табиғаттан сары помело жемісі өзіне қант пен хош иісті сіміріп өседі.
Мэйчжоу бір кездері топырақтың шайылуы жағынан ең күрделі аймақтардың бірі болған. 1980 жылдары Мэйчжоу көпшілікті сары помело өсіруге шақырды.

Мэйчжоу тұрғындары ондаған жылдар бойы еңбек етіп, сары помелоны ауылды жандандырудың тірек индустриясына айналдырды.
Соңғы жылдары бұл аудан сары помелоның сапасын одан әрі жақсарту үшін ғылыми ғылыми егу, өсіру техникасын насихаттау мақсатында ауылшаруашылық мамандарын ұйымдастырды.
2024 жылы бұл жердегі помело өнеркәсіп желісінің өндірістік құны 8,9 миллиард юаньнан асты. Бұл 100 000-нан астам фермерді бақуаттылыққа жеткізді. Қазіргі уақытта Мэйчжоудың аталмыш жемісі Оңтүстік-Шығыс Азияға, Еуропаға, Америка Құрама Штаттарына және басқа аймақтарға экспортталады.
Фото:«Халық Газеті»
people.cn © People's Daily Online



