Қытайдың Ганьсу өлкесі Қырғызстан және Қазақстанмен «Бір белдеу, бір жол» аясында бірлескен зертхана салады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 14 қараша

14 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Қытай Ғылыми-технологиялар министрлігі Қытай-Қырғызстан мәдени мұраны қорғау және Қытай-Қазақстан жайлымдар экологиясын қалпына келтіру бойынша «Бір белдеу, бір жол» бірлескен зертхана құрылысын салуды ресми түрде мақұлдап, бастауға келісті.

Мәліметтерге сәйкес, Қытай-Қырғызстан «Бір белдеу, бір жол» мәдени мұраны қорғау бірлескен зертханасын Дуньхуан ғылыми-зерттеу институты мен Қырғызстанның тиісті мекемелері бірлесіп салады. Зертхана грототалар мен храмдар, жер қирандылары сияқты мұра нысандарын қорғауға, сондай-ақ Қырғызстандағы Ақ Бешим (Тоқмақ) қирандылары сияқты маңызды мұра нысандарын сақтап, қалпына келтіруге, көне жәдігер ретінде көрсетуге және кәдеге жаратуға бағытталады.

Қытай-Қазақстан жайлымдар экологиясын қалпына келтіру «Бір белдеу, бір жол» бірлескен зертханасын Ланьчжоу университеті мен Қазақстандағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті бірлесіп құрды. Зертхана жұмысы негізінен шөп сапасы ресурстарын пайдаланып, инновациялық технологияны іске қосу, жайылым экологиясын қалпына келтіру және жайылымдарды ұтымды басқару сынды үш өзекті салаға жүйеленеді.

Болашақта Дуньхуан ғылыми-зерттеу институты мен Ланьчжоу университеті мүмкіндігінше тезірек арнайы құрылыс жоспарын әзірлеп, бірлескен зертхана құрылысын ілгерілетуге басымдық береді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото