3D-мен басып шығарылған қозғалтқыш алғашқы ұшуын сәтті орындады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 14 қараша

14 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Авиациялық қозғалтқыш компаниясы әзірлеген 3D-мен басып шығарылған минималистік турбожетті қозғалтқыш алғашқы ұшуын сәтті орындады. Бұл 3D -мен басып шығарылған қозғалтқыштарды инженерлік қолдану саласындағы маңызды серпіліс болып табылады. Ұшу сынағы 30 минутқа созылып, 6000 метр биіктікке жетті.

Қозғалтқыш салмағының төрттен үшінен астамы 3D-мен басып шығару арқылы әзірленді. Бұл бөлшектердің санын айтарлықтай азайтып, жеңіл және жоғары өнімділіктің дизайн мақсаттарын ойдағыдай жүзеге асырды. Сондай-ақ алдағы жоғары биіктік пен жылдам ұшу мақсаты үшін берік негіз қалады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото