Қытайлық және шетелдік туристерді тамсандырған көркем Шыңжаң

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 14 қараша

14 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаң өзінің керемет табиғи декорацияларымен және түрлі-түсті гуманистік әдет-ғұрыптарымен қытайлық және шетелдік туристерді көбірек тартып отыр. «Маусым емес кез маусым сияқты, ал маусымның шарықтау шегі одан да танымал» деген үрдіс өңір туризмінің жаңа қалыпты жағдайына айналды.

Алтай Жікпелең халықаралық тау шаңғысы курортында жаңа қар маусымының ашылуы қысқы спорт сүйер қауымға саяхаттауға мүмкіндік берді. Деректер Шыңжаңдағы туризмнің танымалдылығының артып келе жатқанын көрсетеді, 2024 жылы 300 миллионнан астам турист, осы жылдың алғашқы үш тоқсанында шамамен 260 миллион турист Шыңжаңға келіп, айтарлықтай өсім байқалды.

Шыңжаңның пейзаждары түрлі-түсті: ақ қар мен көк мұзды таулар, жасыл жайлау, көгілдір өзен-көл, сары құмдар бар. Шыңжаңның Маралбасы ауданында тораңғы орманы мен саздық шектесіп, жабайы жануарлардың табиғи мекеніне айналады.

Шыңжаңда мәдени шаралар да ерекше тартымды. Түрлі тақырыптағы көрмелер, автокөлік жарыстары, тағам фестивальдері сияқты мәдени және спорттық іс-шаралар жиі ұйымдастырылады.

Көлік жолдары желісінің қарқынды құрылысы туристер үшін үлкен ыңғайлылықты қамтамасыз етті. Алтай-Қом тасжолы және Үрімжі-Лопнұр трассасы сияқты ірі жобалардың алға жылжуы сапар уақытын айтарлықтай қысқартты. Сонымен қатар туристік инфрақұрылым үнемі жетілдіріліп, өз көлігімен жүретін турлар, мұз бен қар турлары сияқты жаңа форматтар қарқынды дамып, елдің алдыңғы қатарында тұр.

Шетелдік туристерге келетін болсақ, Шыңжаң осы жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында 2,12 миллионнан астам шетелдік туристі қабылдады. Визалар мен төлемдер сияқты жеңілдету саясаты, сондай-ақ қызмет көрсету сапасын жақсарту көптеген шетелдік туристерді қызықтырды.

Жоспарға сәйкес, Шыңжаң 2030 жылға қарай жыл сайын 400 миллионнан астам турист қабылдауға ниетті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото