- Барлық ақпарат
Қытайдың көміртегі шыңы мен көміртегі бейтараптығын ілгерілету тәжірибесіне бағытталған «Қытай бұрышы» іс-шарасы

14 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 12 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы тараптары 30-ыншы конференциясының (COP30) «Қытай бұрышында» «Қытайдың көміртегі шыңы мен көміртегі бейтараптығы» атты қосымша отырысы өтті. Отырыста Қытайдың көміртегі шыңы мен көміртегі бейтараптығын ілгерілетудің тиімділігі мен тәжірибесі бірнеше бағытта таныстырылды. Шара халықаралық қауымдастыққа Қытайдың «қос көміртекті» мақсатты жүзеге асырудағы табандылығы мен прагматикалық әрекетін көрсетті.
Ұлттық Даму және реформа комитеті Қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Ван Шаньчэн жақында Мемлекеттік Кеңестің ақпараттық басқармасы жариялаған «Қытайдың көміртегі шыңы мен көміртегі бейтараптығы әрекеттері» атты ақ кітапты негіз ете отырып, саланың бес жылдан бергі жетістіктерімен және нәтижелерімен бөлісті.

Ван Шаньчэнның айтуынша, Қытай жасыл және төмен көміртекті айналмалы дамудың экономикалық жүйесі құрылысын жеделдетіп, 6400-ден астам жасыл зауыт және 490-нан астам жасыл индустриалды паркті жетілдірген. Жаңа энергетикалық көліктерді өндіру және сату бойынша әлемде көш бастап тұр. Сол сияқты іске қосылған және жаңартылатын энергия көздері жалпы электр энергиясын өндірудің 60% - ға жуығын құрайтын әлемдегі ең ірі энергия жүйесін салды. Жел және күн энергиясын өндірудің белгіленген қуаты 2030 жылға дейінгі мақсатты 6 жылдан бұрын орындады; таза технологиялардың ең ірі экспорттаушысы ретінде Қытай әлемдегі жел энергетикасы жабдықтарының 70% - ын және фотоэлектрлік модульдердің 80% - ын қамтамасыз етіп, жел мен күн энергиясын өндіруге кететін шығындардың айтарлықтай төмендеуіне ықпал етті. Қытай климаттың өзгеруіне жаһандық деңгейде ден қойып, жасыл және төмен көміртекті дамуға оң үлес қосып жатыр.
people.cn © People's Daily Online



