- Барлық ақпарат
Қазақстанға Қытайдан барушылардан түскен кіріс 50% өсті

Биылғы 6 айдың қорытындысы бойынша Қазақстанның туристік қызметтер экспортының үлесі 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18% өсіп, 1,3 млрд АҚШ долларын құрады.
ҚазАқпараттың мәліметіне сәйкес, Бұл ретте Қазақстанға Қытайдан барушылардан түскен кіріс 50% артып, 192 млн АҚШ долларына жетті.
«Kazakh Tourism» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Даниел Сержанұлының айтуынша, 2024 жылы Қазақстан туристік қызметтер экспорты 2,6 млрд АҚШ долларын құрады.
«Туризм ел экономикасына валюта әкеледі. Қытайдан келген қонақ юань, Германиядан келген турист еуро жұмсайды. Бұл - біздің туристік қызметтеріміздің тікелей экспорты. Туризмнің жалпы ұлттық өнімдегі үлесі көп емес. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш ЖІӨ 10% дейін жетуі мүмкін, ал ақшалай түрде 20-30 млрд АҚШ доллар болады. Сондықтан кіру туризмін дамытудың негізгі мақсаты - шетелден пайда әкелу және оны халыққа, жергілікті бизнеске тигізу»,– деп атап өтті Kazakh Tourism басшысы.
Даниел Сержанұлы саланың бағыттары арасындағы айырмашылықты да атап өтті. Ішкі туризм азаматтардың денсаулығы мен қалпына келуіне ықпал ететін әлеуметтік аспект ретінде қарастырылады.
«Ішкі туризм әлеуметтік бағыт ретінде қарастырылады. Неге? Себебі адамдарға демалу мен рекреация қажет. Бұл жұмыстағы еңбек демалысы кезінде күш-қуатты қалпына келтіру мүмкіндігі. Сондықтан тұрғындар Алакөлге, Балқашқа барып демалады», – деп қосты Даниел Сержанұлы.
people.cn © People's Daily Online



