Отандық C919 және C909 ұшақтары Таяу Шығыста алғаш рет дебют жасады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 18 қараша

18 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Тілші Қытайдың коммерциялық ұшақ компаниясынан (COMAC) алған ақпаратқа сәйкес, жергілікті уақыт бойынша 17 қарашада Дубайдағы (Біріккен Араб Әмірліктері) Аль-Мактум халықаралық әуежайында Дубай әуе шоуы басталып, оған отандық C919 және C909 ұшақтары қатысқан. Бұл - COMAC-тың Дубайдағы әуе шоуына алғаш рет қатысуы. Олар ұшу қойылымдары, көрмелер және өнімді таныстыру арқылы Қытайдың коммерциялық ұшақтарын әзірлеудегі соңғы жетістіктерін көрсетеді, сондай-ақ әлемдік авиация өнеркәсібімен тәжірибе алмастыруды және өзара сенімді тереңдетеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото