Биылдың алғашқы он айында Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда көлемі сәйкес мезгілмен салыстырғанда 8,9%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 19 қараша

19 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Бас Кеден басқармасы өзінің ресми сайтында сейсенбіде жариялаған мәліметтеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Қытай мен Қазақстан арасындағы екіжақты тауар айналымы 39,755 миллиард АҚШ долларына жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,9%-ға өскен.

Деректер Қытайдың Қазақстанға экспорты сол кезеңде 24,001 миллиард АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ға ұлғайғанын көрсетеді; Қазақстан импорты 15,754 миллиард АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18%-ға өсті.

Ағымдағы жылдың қазан айында Қытай мен Қазақстан арасындағы екіжақты тауар айналымының көлемі 4,32 миллиард АҚШ долларын құрады. Оның ішінде Қытайдың Қазақстанға экспорты 2,06 миллиард АҚШ долларын, ал Қазақстан импорты 2,26 миллиард АҚШ долларын құрады.

Қытайдың Бас Кеден басқармасының мәліметтері бойынша, 2024 жылы Қытай мен Қазақстан арасындағы жалпы тауар айналымы 43,82 миллиард АҚШ долларына жетіп, 2023 жылмен салыстырғанда 6,8%-ға артқан.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото