Алашаньдағы түйелер қыстауға айдалды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 19 қараша

19 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Ішкі Моңғұлдың Алашань өңірі түйелердің жыл сайынғы қоныс аудару мезгілін бастады. Бадын-Джаран, Улан-Бух және оның айналасындағы шөлді жердегі малшылар көліктер мен мотоциклдеріне мініп, шөл даланың кіндігіне енді. Олар жүздеген шақырым жол жүріп, түйелерді жинап, жазғы жайлауы болған шөл дала қойнауындағы 2000-нан астам түйені қыстауларына қарай айдады. Қысқы отарға көшіру бір айға созылады.

Жергілікті малшылар «қыс пен көктемде қорада бағу + жаз бен күзде өріске айдау» сынды түйе бағу дәстүрін сақтайды. Яғни жыл сайын мамыр айында температура жоғарылап, жайлау қалпына келген кезде малшылар түйелерді шөлге жібереді. Түйелер шөл далада құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді азық етіп, табиғи өсіп, семіреді. Қараша айында температура күрт төмендеп, өсімдіктер қурағанда түйелерді қораға алып, жайылымды тынықтырады.

Сонымен қатар, табиғи жайылым түйе түлігінің саулығын сақтауға аса пайдалы. Кең өрістің түйе сүті мен жүнін жинап, ерекше салаларға жоғары сапалы шикізат ұсынуға септігі тиеді.

Елдегі қос өркешті түйелер ең шоғырлы өмір сүретін өңір ретінде Алашань түйе қорында 169 000 тұяқ түйе бар. Бұл елдегі жалпы қос өркешті түйе санының шамамен үштен бірін құрайды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото