Алғашқы 11 айда Қытайдың тауар саудасының импорты мен экспорты 3,6% - ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 8 желтоқсан

8 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың кедендік статистикасына сәйкес, 2025 жылдың алғашқы 11 айында Қытайдың тауар импорты мен экспорты саудасының жалпы құны 41,21 трлн юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ға өсті.

Олардың ішінде экспорт 24,46 трлн юаньды құрап, 6,2% - ға өсті; импорт 16,75 трлн юаньды құрап, 0,2% - ға өсті.

Қараша айында Қытайдың тауар саудасының өсу қарқыны жақсарып, импорт пен экспорттың жалпы құны 3,9 трлн юаньды құрап, 4,1% - ға өсті. Олардың ішінде экспорт 2,35 трлн юаньды құрап, 5,7% - ға өсті; импорт 1,55 трлн юаньды құрап, 1,7% - ға ұлғайды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото