Шыңжаңның Қашқар аймағында жаңа піскен көкөністер Орталық Азияға бет алды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 8 желтоқсан

8 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында тоңазытқыш жүк көлігінің жүргізушісі Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионының Қашқар қаласына көкөністерді тиеп, келесі күні тауарларды Бішкекке жеткізді.

Көлік жүргізушісінің айтуынша көкөністер Қашқардағы көкөніс базасында піскен. Мұнда көкөністің пияз, баклажан, балдыркөк және шпинат сияқты ондаған түрлері бар. Базада 3000-ға жуық жылыжай орналасқан, оның өнімінің жартысынан көбі Қырғызстан мен Өзбекстан сияқты Орталық Азия елдеріне экспортталады.

Кедендік рәсімдеу шараларының жеңілдеуіне байланысты, Орталық Азиядағы тұрғындар Қытайдан жаңа пісіп, терілген көкөністерді балғын кезінде тұтына алады.

Жергілікті компанияның басшысы Пэн Юнцзяньның айтуынша, экспорттық жеткізілімдер Орталық Азия елдеріндегі тұтынушылардың тапсырыстарына сәйкес ұйымдастырылады. Бұл әдіс бір жүк көлігіне тек бір түрдегі көкөністерді тиеп апарып, сатылмай қалу немесе бұзылып кету сияқты олқылықтарды болдырмайды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото