- Барлық ақпарат
Халықаралық валюта қорының Шанхай орталығы ресми түрде ашылды
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 9 желтоқсан

9 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) Шанхай орталығы 8 желтоқсанда ресми түрде ашылды. ХВҚ-ның аға экономисі Йоханнес Виганд Шанхай орталығының алғашқы директоры болып тағайындалды.
ХВҚ мәлімдемесінде Шанхай орталығы ХВҚ-ның әлемдегі аймақтық орталықтарының бірі болып табылатынын, ХВҚ-ның Азия-Тынық мұхиты аймағымен барыс-келіс пен ынтымақтастығын кеңейтуге арналғаны айтылған.
Мәлімдемеде Шанхай орталығының дамушы нарықтар мен орташа табысты елдерге қатысты саяси саладағы зерттеулерді ілгерілету, сондай-ақ ХВҚ мен аймақтағы оның мүше елдері, аймақтық органдары және басқа да мүдделі тараптары арасындағы диалог пен алмасуды тереңдетуде маңызды болатыны көрсетілген.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



