2025 жылғы Орталық Азияның бес елінен келген кәсіби фермерлерге арналған алтыншы оқу курсы ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 9 желтоқсан

9 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 8 желтоқсан күні Шэньси өлкесінің Вэйнань қаласында Орталық Азияның бес елінен келген кәсіби фермерлерге арналған алтыншы оқу курсы ашылды.

Ашылу салтанатында Вэйнань қаласының вице-мэрі Тянь Юесинь Орталық Азияның бес елінен келген кәсіби фермерлерге арналған оқу бағдарламасы Қытай-Орталық Азия саммиті мен Қытай-Орталық Азия Сыртқы істер министрлерінің екінші кездесу нәтижелерін жүзеге асырудың нақты әрекеті екенін айтты. Вэйнань қаласы тамаша оқу қызметтері мен қолдау көрсетуді жалғастыратынын, барлық тыңдаушылар құнды білім мен тиісті дағдыларды игеруді күтетінін жеткізді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото