- Барлық ақпарат
Қытайдың мұз-қар техникасының экспорты қызу жүріп жатыр

9 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Мұз-қар спорты маусымы қызған сайын, мұз және қар техникасының экспорты айтарлықтай өсіп келеді. Қытайдың кеденінің деректері көрсеткендей, екінші жартыжылдықтан бастап Қытай Орталық және Шығыс Еуропаға конькилерді, Солтүстік Америка нарығына шаңғы костюмдерін және басқа да мұз-қар спорт құралдарын экспорттау өсімі екі таңбалы көрсеткішке жеткен.
Чжэцзян Vision спорт тауарлары компаниясының шаңғы көзілдірігі, шаңғы, спорттық дулыға және басқа да өнімдері 30-дан астам ел мен аймаққа экспортталады. Компанияның сыртқы сауда бөлімінің басшысы Ван Цзялу мұз-қар спорттық құрал-жабдықтары касіпорынның жаңа өсу нүктесіне айналғанын айтты. 2026 жылы шаңғы көзілдірігіне тапсырыстар өткен жылдың сәйкесті мезгілімен салыстырғанда 61,8%-ға, ал шаңғы дулығаларына тапсырыстар 14%-ға артады деп күтілуде, бұл өсудің күшті тенденциясын көрсетеді. «Қазір біз Еуропаның шаңғы маусымына арналған бесінші партия тапсырысын дайындап жатырмыз, қазіргі тапсырыстарымыз келесі жылдың сәуіріне дейін жоспарға толып тұр», - деді Ван Цзялу.
Чжэцзян өлкесінің Иу халықаралық сауда қаласындағы мұз-қар спорт тауарлары дүкенінің иесі өз өнімдерінің Ресейге, Қазақстанға және басқа елдерге экспортталатынын айтты.
Шаньдун өлкесінің Цзиини қаласы Цзясян ауданы шаңғы қолғаптары өнеркәсібінің негізгі отандық агломерациялық аймағы ретінде оның өнімдерінің экспорты елдегі жалпы көлемнің шамамен 80%-ын құрайды.
people.cn © People's Daily Online



