Қытай Премьер-министрі Ли Цян ірі халықаралық экономикалық ұйымдардың басшыларымен «1+10» диалогын өткізді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 10 желтоқсан

10 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Мемлекеттік Кеңесінің Премьер-министрі Ли Цян өзара нарықтың ашықтығын кеңейтуге шақырып, сауда-экономикалық мәселелерді саясаттандырудан және шамадан тыс қауіпсіздіктен аулақ болуға үндеді.

Ли Цян 9 желтоқсан күні Бейжіңде өткен ірі халықаралық экономикалық ұйымдардың басшыларымен «1+10» форматындағы диалог кезінде осы мәселені атап өтті.

Қытай үкіметінің басшысы сонымен қатар инновация саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, дамудың жаңа қозғаушы күштерін бірлесіп дамытуға және кеңейтуге шақырды.

Диалогқа қатысқан халықаралық экономикалық ұйымдардың басшыларының арасында: Жаңа даму банкінің президенті Дилма Руссеф; Дүниежүзілік банк президенті Аджай Банга; ХВҚ басқарушы директоры Кристалина Георгиева; ДСҰ бас директоры Нгози Оконджо-Ивеала; Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясы бас хатшысы Ребека Гринспан; ХЕҰ бас директоры Жильбер Унгбо; BIS басқарушы директоры Пабло Эрнандес де Кос; Қаржылық тұрақтылық кеңесінің төрағасы Эндрю Джон Бейли; AIIB президенті Цзинь Лицюнь және ЭЫДҰ бас хатшысының орынбасары Франтишек Ружичка болды.

Фото:Синьхуа

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото