- Барлық ақпарат
Қазақстанда 2027 жылы алғашқы пилотсыз жүк көліктері іске қосылмақ
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 10 желтоқсан

ҚР Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Қазақстанда пилотсыз көлік жобаларының іске асырылу жоспары туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ. Министрдің сөзінше, Қазақстанда жаңа технологияларды кезең-кезеңімен енгізу көзделіп отыр.
«2027 жылы алғашқы пилотсыз жүк көліктерін іске қосу жоспарда бар. Ал пилотсыз такси қызметіне келсек, ол да жоспарда бар. Заң жобасында пилотсыз таксимен бірге аэротакси мәселесін де қарастырғанбыз. Біз заман көшінен қалмауға, жаңа технологияларды Қазақстан аумағында да қолдануға тырысамыз», – деді ҚР Көлік министрі Сауранбаев.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



