- Барлық ақпарат
Тяньцзинь порты Airbus ұшақтарының ең үлкен бөлшектерін түсірді

10 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 9 желтоқсан күні таңертең 12 ірі Airbus ұшақтарының бөлшектері тиелген Германияның Гамбург қаласынан келген контейнер кемесі Тяньцзинь портына келіп тоқтады. Порт бұл алып бөлшектерді түсіріп алды.

Бұл - Тяньцзинь портында түсірілген Airbus ұшақтарының ең үлкен бөлшектерінің партиясы. Airbus компаниясының Тяньцзиньдегі екінші соңғы құрастыру желісі биыл қазан айында іске қосылды және келесі жылдың басында толық пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Осыған дайындық ретінде Airbus тасымалданатын ұшақ бөлшектерінің көлемін бұрынғы бір жолда екі ұшақтың бөлшектерін тасымалдаудан, қазір бес ұшақтың бөлшектерін бір уақытта тасымалдауға дейін арттырды.
Болашақта бір кеменің бір уақытта оннан астам ірі ұшақ бөлшектерін тасымалдауы қалыпты жағдайға айналады.
people.cn © People's Daily Online



