Қытайдағы алғашқы ұлттық деңгейдегі құрлықтағы тақтатас мұнайы демонстрациялық аймағын құру толық аяқталды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 10 желтоқсан

10 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай ұлттық мұнай корпорациясының (CNPC) 9 желтоқсандағы мәліметіне сәйкес, еліміздегі алғашқы ұлттық деңгейдегі құрлықтағы тақтатас мұнайының демонстрациялық аймағы — Шыңжаң Жемсары ұлттық деңгейдегі құрлықтағы тақтатас мұнайы демонстрациялық аймағы биыл 1,7 миллион тоннадан астам шикі мұнай өндірісіне қол жеткізді. Бұл оның ұлттық деңгейдегі демонстрациялық жобасының толық аяқталғанын білдіреді.

Тақтатас мұнайы халықаралық деңгейде мойындалған алу өте қиын дәстүрлі емес мұнай және газ ресурсы. Жемсары тақтатас мұнай кен орны терең көмілуімен (3800 метрден астам) және өте төмен өткізгіштігімен (дәстүрлі мұнай кен орындарының он мыңнан бір бөлігі ғана) сипатталады, бұл барлау мен игеруге көптеген әлемдік деңгейдегі техникалық қиындықтар туғызады.

Шыңжаң Жемсары ұлттық деңгейдегі құрлықтағы тақтатас мұнайы демонстрациялық аймағын құруды 2020 жылы Ұлттық энергетика басқармасы мен Табиғи ресурстар министрлігі бірлесіп бекітті. Оның аумағы 1278 шаршы шақырым, ал ресурстары 1 миллиард тоннадан асады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото