- Барлық ақпарат
Экологиялық басқарудың нәтижесінде Тарым бұғысы пайда бола бастады
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 11 желтоқсан

11 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Шыңжаңның Алар қаласындағы Тарым өзенінің бойынан инфрақызыл камера мен ұшқышсыз ұшу аппараттары алғаш рет ұлттық деңгейде қорғалатын бес Тарым бұғысының суреттерін анық түсірді. Тораңғы орманының арасында бұғылар беймарал жайылып жүргені түсірілген. Тарым бұғысы - қызыл бұғылар тұқымдасының Шыңжаңдағы бірегей кіші түрі, ол шөл далада өмір сүруге бейім, сонымен қатар ол әлемдегі жалғыз шөл бұғысы. Олардың ортаға бейімделуі ерекше, өте жоғары температураға, құрғақшылыққа және жоғары тұздылық жағдайларына төзе алады, тіпті жоғары минералданған суды іше алады, жем талғамайды. Тарым бұғылары - Тарым өзені аңғарының экожүйесін өлшейтін негізгі көрсеткіш түрі.




(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



