Қытай энергетикалық инженерлік корпорациясы (CEEC) Орталық Азиядағы ең ірі электрохимиялық энергия сақтау жобасын желіге қосты

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 11 желтоқсан

11 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Жергілікті уақыт бойынша 5 желтоқсан күні CEEC, Zhejiang Thermal Power және Аньхой өлкелік электр энергетикасын жобалау институты компаниялары бірлесіп бас мердігер ретінде жүзеге асырған Орталық Азиядағы ең ірі электрохимиялық энергия сақтау жобасы – Өзбекстандағы Ташкент күн-энергия сақтау кешенінің энергия сақтау станциясы электр желісіне сәтті қосылып, Өзбекстан электр жүйесіне қызмет көрсете бастады.

Жоба Өзбекстан астанасы Ташкенттен солтүстік-шығысқа қарай 30 шақырым жерде орналасқан. Оған жаңадан салынған 334 МВт/500 МВт/сағ энергия сақтау электр станциясы, 220 кВ күшейткіш қосалқы станция, 220 кВ кабельді шығыс желілері және қарама-қарсы қосалқы станция кіреді.

Фото:CEEC

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото