- Барлық ақпарат
Қазақстан мал шаруашылығы өнімін 42 елге жеткізе алады

Мал шаруашылығы өнімін экспорттау бойынша шет елдердің тізіліміне 3 728 қазақстандық кәсіпорын енгізілді деп жазылған Kazinform хабарында.
Хабарламаға сәйкес, биыл Қазақстанның солтүстік-батыс өңірдегі аусылдан таза аумақтың мәртебесін тану үшін Дүниежүзілік жануарлар саулығы ұйымына дерекнама жіберілді.
Алынған саламаттылық мәртебесі Қазақстандық өндірушілердің экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік берді. Осы жылы 16 ветеринариялық сертификат келісілді және қол қойылды, бұл мал ҚР шаруашылығы өнімдерін экспорттауға жол ашады. Жалпы Қазақстандық мал шаруашылығы өнімін Еуропа одағы елдеріне, Ұлыбритания, Ирак, Иран, АҚШ, Канада және басқа да бағыттарды қоса алғанда, 42 елге жеткізуге болады, — деді Қазақстан Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин.
Фото:Kazinform
people.cn © People's Daily Online



