- Барлық ақпарат
Бейжіңде Қытай-Қазақстан әдеби конференциясы өтті

12 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 10 желтоқсан күні Қытай Жазушылар одағы мен Қазақстан Жазушылар одағы бірлесіп Бейжіңдегі Қазақстан Мәдениет орталығында Қытай-Қазақстан әдеби конференциясын өткізді. Шараға Қытай Жазушылар одағы төрағасының орынбасары У Ицинь мен Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Кұлкенов қатысып, сөз сөйледі.

Конференцияда екі тарап «Қытай Жазушылар одағы мен Қазақстан Жазушылар одағы арасындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік меморандумына» қол қойды. Меморандумға сәйкес, екі одақ Халықаралық жастар поэзиясы фестивалі, қытайтанушылардың әдеби аудармасы бойынша халықаралық симпозиум және «Бір белдеу, бір жол» әдеби альянсы сияқты платформаларда тығыз қарым-қатынасты жалғастырады. Бұл байланыс қаламгерлердің қос тарапқа өзара қатынауын, туындыларының аударылып, басылуын, сондай-ақ әдеби форумдарды бірлесіп өткізу ынтымақтастығын тереңдетеді.

Конференцияда жас жазушылардың негізгі баяндамалары тыңдалып, өзара диалогтары жүрді. Кездесуге қатысқан қаламгерлер әдеби аударма мен пікірлестік өзара түсіністікті нығайтуға, мәдениеттің тамырын үзбеуге, елдер арасындағы ортақ құндылықтарды сақтауға көмектесетінін бір ауыздан құптады. Екі тарап та өркениеттер арасындағы өзара өнеге алу мен мәдени алмасуды бірлесіп ілгерілету үшін меморандум аясында практикалық ынтымақтастықты кеңейтуді асыға күтетінін білдірді.

Конференция барысында қос елдің жазушылары Қазақстан жазушыларының кітап көрмесін аралады. Шарада жыр оқылып, ән айтылып, күй тартылып, қалам ұстаушылардың шабытын бекемдеді.
Фото:ұйымдастырушы тарап
people.cn © People's Daily Online



