- Барлық ақпарат
Шыңжаң Қазақстанға 440 тоннадан астам авиациялық керосин экспорттады

12 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионының Қарамай қаласында орналасқан Қытай Ұлттық мұнай-газ корпорациясының Майтау мұнай-химия компаниясы 11 желтоқсанда Қазақстанға 17 мұнай цистернасымен 440 тоннадан астам авиациялық керосин жөнелтті. Қытайдың бұл мұнай өңдеу зауыты Қазақстанға авиациялық керосинді бірінші рет экспорттап отыр.
Бұл жөнелтілім – жалпы салмағы 1000 тонна авиациялық керосинге арналған тапсырыстың алғашқы партиясы. Орталық Азия үшін бұл тұрақты және сенімді авиация энергиясымен қамтамасыз етудің жаңа нұсқалары бар екенін білдіреді.
Қазақстанмен географиялық жақындықтың артықшылықтарына сүйене отырып, Майтау мұнай-химия компаниясы Қазақстанмен мұнай-газ ресурстарын импорттау, мұнай-химия өнімдерін экспорттау саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуді жалғастырады.
people.cn © People's Daily Online



