Қытайдың «Хэчжэ Имакань» жобасы адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы жауһарларының тізіміне енгізілді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 12 желтоқсан

12 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 11 желтоқсан күні еліміздің «Хэчжэ Имакань» жобасы шұғыл қорғауды қажет ететін материалдық емес мәдени мұра тізімінен адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы жауһарларының тізіміне ауыстырылды.

«Имакань»– хэчжэ халқының ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ежелгі ауызша дәстүрі. Хэчжэ тілінде шумақтардың ұйқасып, ырғаққа түсіріліп айтылатын бұл өнер түрі хэчжэ халқының этникалық тарихын, батырлық ертегілерін, аң аулау мен балық аулау кәсібін, этикет, әдет-ғұрып және моральдық нормаларын қамтиды. Аталмыш өнердің ұлт тарихын сақтауда, жас ұрпақты тәрбиелеуде және адамның көңіл-күйін, арман-аңсарын білдіруде әсері мол.

Фото:Синьхуа

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото