- Барлық ақпарат
APEC басшыларының 33-інші бейресми кездесуі 2026 жылдың 18-19 қарашасы аралығында Шэньчжэнь қаласында өтеді

15 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің 12 желтоқсан күні Сыртқы істер министрлігінен алған мәліметіне сәйкес, Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (APEC) басшыларының 33-інші бейресми кездесуі 2026 жылдың 18-19 қарашасы аралығында Гуандун өлкесінің Шэньчжэнь қаласында өтеді.

APEC бейресми жоғары лауазымды тұлғаларының кездесуі 11-12 желтоқсан аралығында Шэньчжэнь қаласында өтті. Бұл еліміздің 2026 жылғы APEC саммитін өткізуші тарап ретінде өткізіп отырған алғашқы іс-шарасы. Кездесу APEC-тегі «Қытай жылының» басталуын білдіреді. Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Гуо Цзякунь кезекті баспасөз мәслихатында келесі жетістіктерді таныстырды:

Біріншіден, келесі жылға APEC ынтымақтастығының тақырыбы анықталды. Қытай ұсынған «Азия-Тынық мұхиты қауымдастығын құрып, ортақ дамуды ілгерілету» тақырыбы барлық тарап жағынан жоғары бағаланып, кездесуде бірауыздан қабылданды.
Екіншіден, келесі жылға ынтымақтастықтың басым бағыттары жоспарланды. Азия-Тынық мұхиты аймағының дамуы алдында тұрған жаңа мүмкіндіктер мен сын-сынақтарға жауап ретінде Қытай келесі жылы APEC ынтымақтастығының үш басым бағыты ретінде «ашықтық, инновация және ынтымақтастықты» анықтады. Барлық қатысушы тараптар өз қолдауларын білдірді.
Үшіншіден, жыл бойы кездесулер кестесі бекітілді. APEC-тің «Қытай жылы» Қытайдың бірнеше қалаларында шамамен 300 іс-шара өткізеді деп жоспарланып отыр.
people.cn © People's Daily Online



