Цинхай-Сицзан темір жолындағы теңіз деңгейінен 4721 метр биіктіктегі жолаушылар станциясы пайдалануға берілді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 16 желтоқсан

16 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Цинхай-Сицзан темір жолындағы теңіз деңгейінен 4721 метр биіктіктегі Яньшипин станциясы 12 желтоқсан күні жолаушыларға қызмет көрсетуін бастады. Бекет «дүние жотасындағы» теміржол желісінің теңіз деңгейінен ең биік жолаушылар станциясына айналды.

Сицзан автономиялық регионының Наку қаласы аумағындағы Яньшипин станциясы 12 желтоқсан күні Сицзан автономиялық регионының орталығы Лхасаға бағыт алған Z9817 пойызын қарсы алды. Пойызға шамамен 50-ден астам жолаушы мінген.

Бұрын Яньшипин станциясында адам болмайтын. Айналадағы аудандардан саяхатқа сұраныстың артуы және Тангула тауларындағы бірқатар көрікті жерлерде туризмнің дамуымен станция жолаушыларға қызмет көрсету үшін жаңартылды.

Мәліметтерге сәйкес, Яньшипин станциясы жақын маңдағы 25 ауылдан келген 10 000-нан астам тұрғындар мен туристерді қарсы алып, жергілікті дәмханалар мен қонақ үй бизнесінің дамуына ықпал етеді.

Фото:China Daily

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото