- Барлық ақпарат
2025 жылы елімізде астық өндірудің жалпы көлемі 714,88 млн тоннаға жетті
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 16 желтоқсан

16 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Ұлттық статистика бюросының 12 желтоқсанда жариялаған мәліметтеріне сәйкес, Қытайдың астық өндірісі 2025 жылы жаңа, ең жоғары деңгейге жетіп, жалпы өнім көлемі 714,88 миллион тоннаны құрады.
Статистика бюросының мәліметтері көрсеткендей, биыл астық өндірісі өткен жылмен салыстырғанда 1,2% - ға өсті.
Астықтың жақсы өнімі егіс алқабының да, аудан бірлігіне шаққандағы түсімнің де ұлғаюына байланысты. Статистикалық көрсеткіш бойынша, Қытайдың астық егу алқабы алтыншы жыл қатарынан ұлғайып, 2025 жылы 119 миллион гектардан асты. Сонымен бірге, бір ауданға шаққандағы өнім көлемі өткен жылмен салыстырғанда 1,1% - ға жоғарылады.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



