Түркістан облысында Қазақстан Сауран 300 МВт қуаттылықтағы фотоэлектрлік электр қуатын өндіру жобасының іргетасын қалау рәсімі өтті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 17 желтоқсан

17 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 15 желтоқсан күні Қазақстан Сауран 300 МВт қуаттылықтағы фотоэлектрлік электр қуатын өндіру жобасының іргетасын қалау рәсімі Түркістан облысында өтті. Бұл жобаға Қытай энергетикалық инженериясы шет елге инвестиция салу компаниясы инвестиция салған, ол қазіргі уақытта Қазақстандағы ең ірі сиымдықтағы фотоэлектрлік электр энергиясын өндіру жобасы және алғашқы энергия сақтау жобасы.

Қытайдың Қазақстандағы елшісі Хань Чуньлинь, China Energy Engineering Group Co., Ltd компаниясының төрағасы Ни Чжэнь, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Нұрлан Жақыпов және Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жиынға онлайн және офлайн форматта қатысып, сөз сөйледі.

Өз сөзінде Хань Чуньлинь Қазақстан халқына Тәуелсіздік күнімен құттықтау жолдап, бұл жоба Қытай мен Қазақстан үкіметтері арасындағы жаңартылатын энергия көздері жобалары бойынша келісім аясында іске қосылған алғашқы жоба екенін және екі ел арасындағы жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастыққа жаңа серпін беретінін айтты.

Мәліметтерге сәйкес, Саурандағы 300 МВт қуаттылықтағы фотоэлектрлік энергия сақтау жобасы қазіргі уақытта Қазақстанда жоспарланған алғашқы «фотоэлектрлік + энергия сақтау» жобасы болып отыр. Жобаға салынған жалпы инвестиция шамамен 307 миллион АҚШ долларын құрайды. Аяқталғаннан кейін ол жылына шамамен 674 миллион киловатт-сағат таза электр энергиясын өндіреді, бұл шамамен 140 миллион текше метр табиғи газды үнемдеуге және көмірқышқыл газы шығарындыларын шамамен 2,6 миллион тоннаға азайтуға тең.

Фото:Қытай энергетикалық инженериясы шет елге инвестиция салу компаниясы

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото