Қытай мен Қазақстан экономикалық аймағы халықаралық ынтымақтастық паркін бірлесіп құру туралы келісімге қол қойды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 17 желтоқсан

17 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында, Ақтөбеде өткен 2025 жылғы Ақтөбе халықаралық инвестициялық форумында Үрімжі Ганьцюаньбао экономикалық-технологиялық даму аймағы (өнеркәсіптік аймақ) мен Қазақстанның Ақтөбе облысы арнайы экономикалық аймағы халықаралық сауда мен инвестиция үшін жаңа платформаны бірлесіп құру мақсатында халықаралық ынтымақтастық паркі туралы негіздемелік келісімге қол қойды.

Келісімге сәйкес, Ганьцюаньбао экономикалық-технологиялық даму аймағы мен Ақтөбе арнайы экономикалық аймағы өздерінің тиісті ресурстары мен өнеркәсіптік артықшылықтарын толық пайдаланып, кешенді және көп деңгейлі шекарааралық ынтымақтастық жүйесін құруға бағытталған. Ынтымақтастық өнеркәсіптік даму байланысы, экономикалық және сауда ынтымақтастығын кеңейту, шекарааралық инновациялық ынтымақтастық платформаларын құру және тәжірибе алмасу сияқты негізгі бағыттарға бағытталады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото