- Барлық ақпарат
Харбин қар-мұз әлемі саябағы ашылды
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 17 желтоқсан

17 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 17 желтоқсан күні таңертең 27-інші Харбин қар-мұз әлемі саябағы ресми түрде ашылды. 1,2 миллион шаршы метр аумақты алып жатқан, жалпы қар-мұз көлемі 400 000 текше метрден асатын саябақ көпшілікке есігін айқара ашты.

Саябақта көзге бірден түсетін ғажайыптардан басқа биылғы қар-мұз әлемі интерактивті тәжірибелерді жан-жақты жетілдіріп ұсынды. Онда көптен күткен 521 метр ұзындықтағы супер мұз сырғанағы 24 жолақпен ашылды. Биіктігі 120 метрлік «қар гүлі шолғыш доңғалақтар» ақ қар, көк мұздан жасалған саябақты төбесінен көруге мүмкіндік береді.






(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



