2025 жылдың соңына қарай Қытайдағы электр энергиясын өндірудің жиынтық қуаты 3,89 миллиард киловатт болады

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 29 қаңтар

29 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Ұлттық Энергетика басқармасының 28 қаңтар күнгі жаңалықтарына сәйкес, 2025 жылдың соңына қарай Қытайда орнатылған электр энергиясын өндірудің жиынтық қуаты 3,89 миллиард киловатт болып, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,1%-ға өсті. Олардың ішінде күн энергиясын өндірудің сыйымды қуаты 1,20 миллиард киловатқа жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,4%-ға ұлғайды; жел энергетикасының сыйымды қуаты 640 миллион киловатт болып, сәйкес уақытпен салыстырғанда 22,9%-ға жоғарылады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото