- Барлық ақпарат
Қытайда қар-мұзды көктей өтетін алғашқы тасжол ашылды

30 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың алғашқы қар-мұз туризмі тақырыбындағы тасжол—Арктикалық мұз жолы жақында ресми түрде көлік қозғалысы үшін ашылды. Ұзындығы 100 шақырым болатын бұл қар-мұз тасжолы Мохэ қаласының таулы және орманды аймақтарын кесіп өтіп, солтүстікке қарай Қытай мен Ресей шекарасындағы Хэйлунцзян өзеніне дейін созылады.
Мохэ қаласы Қытайдың солтүстік-шығысындағы Хэйлунцзян өлкесінде орналасқан, ел аумағының ең солтүстік нүктесі. Жоба бастамашысы бұл тасжолдың -40℃ қақаған суықты, шекараның өзен бойындағы полярлық көрінісін және көпұлтты мәдени ерекшеліктерді тоғыстырған туризм бағыты екенін, өз көлігімен саяхаттауды ұнататын жолаушылардың жаңа талдауына айналғанын жеткізді.
Бұл бағыттың басты міндеті — қар-мұз тас жолында көлік қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта тиісті департаменттер арнайы жол сыпырғыштары және мұздың қалыңдығын нақты уақыт режимінде бақылайтын радармен жабдықталған кәсіби қолдау тобын іске қосты.
27 қаңтарда, ақ қар, көк мұзды даланы кесіп өтетін тасжолдың ашылған күні, Бейжің, Шанхай, Цзянсу, Ляонин, Цзилинь, Хэйлунцзян және Ішкі Моңғұлдан шамамен 200 турист 100 көлікпен келіп, еліміздің алғашқы қар-мұз тасжолының ашылуына куә болды.
28 қаңтар күні қар-мұз тасжолында өз көліктерімен қыдыруды қалайтындар үшін мұздағы көлік жарысы ұйымдастырылды. 29 қаңтардан бастап қар-мұз тасжолы өз көлігімен саяхаттайтын барлық туристер үшін толық ашылды.



Фото:Дасинаньлин аумақтық мәдениет, спорт, радио, теледидар және туризм бюросы
people.cn © People's Daily Online



