- Барлық ақпарат
Цзянсидің Сингуосы орман шаруашылығымен табысты арттырды

30 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Цзянси өлкесі Ганьчжоу қаласы Сингуо ауданына қарасты бір елді мекенде орналасқан ағаш өңдеу базасында ауыл тұрғындары күннің ашық, қолайлы уақытын пайдаланып, ағаш қаптамаларын кептірумен айналысты.
Соңғы жылдары Цзянси өлкесі Ганьчжоу қаласы Сингуо ауданы өзінің мол тез өсетін ағаш және бамбук байлығына сүйене отырып, орман шаруашылығы экономикасын белсенді түрде дамытып келеді. Жергілікті өңір зақымдалған ағаш пен бамбук қалдықтарын қайта өңдеп, қағаз целлюлозасы, қабат тақта және бамбук өнімдері сияқты ерекше салаларды құрды. Бұл өнімдерді өндіріс, құрылыс, жиһаз және безендіру сынды салаларда қолдануға болады. Сол арқылы ресурстарды түрлендіріп, тиімділікті арттырып, ауыл тұрғындарының кірісін жоғарылатуға көмектесті.







people.cn © People's Daily Online



