Қытайдың сазды жері Азияда бірінші, ал әлемде төртінші орында

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 2 ақпан

2 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 2 ақпан—Дүниежүзілік сазды жерлер күні. Тілшілердің Ұлттық орман шаруашылығы және жайылым басқармасынан алған мәліметіне сәйкес, соңғы жылдары еліміз сазды жерлердің экожүйесін қорғау мен қалпына келтіруді жүйелі түрде күшейтіп келеді. Елдің сазды жері Азияда бірінші, ал әлемде төртінші орында болып, негізгі басқару мен жіктелген қорғауды біріктіретін сазды жерлерді қорғаудың жаңа үлгісі қалыптасты.

Сазды жер—жер шарындағы үш негізгі экожүйенің бірі. Олар экологиялық, әлеуметтік, экономикалық және мәдени тұрғыдан орнын өгейсітуге болмайтын құндылыққа ие.

Мәліметке сәйкес, Қытай сазды жерлерді бөліп басқару жүйесін құрып, үздіксіз кемелдендіріп келеді. Елде қазір 82 халықаралық маңызы бар сазды жер, 80 ұлттық маңызы бар сазды жер және 1208 өлкелік маңызы бар сазды алқап белгіленген. Сонымен қатар әлемде бірінші орында тұрған 22 халықаралық сазды қаланы сертификаттады; 903 ұлттық сазды саябақты құрды, олардың шамамен 90%-ы тегін ашық, жыл сайын шамамен 320 миллион келушіні өзіне баурайды.

Сонымен қатар еліміз сазды жерлерді қорғау және қалпына келтіру жұмыстарын үздіксіз жүргізіп келеді. Бүгінде 3800-ден астам жобаны жүзеге асырып, 1 миллион гектардан астам сазды жерлерді жаңадан қосты немесе қалпына келтірді. Сондай-ақ мангрларды қорғау және қалпына келтіру, спартина альтернифлорасын бақылау сынды арнайы іс-шараларды жүзеге асырды, 9200 гектар мангр отырғызды және 97 300 гектар спартина альтернифлорасын бақылады. Қытай халықаралық талаптарды орындауды тереңдетіп, сазды жерлерді қорғау бойынша Қытай шешімін ұсынды, ресми түрде жоғары сапалы Халықаралық мангр орталығын құрды, мүше болуға ниетті елдердің саны 20-ға дейін артты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото