- Барлық ақпарат
2025 жылы Қытайдың кеме жасаудың үш негізгі көрсеткіші әлемдік нарықтағы үлесі бойынша 16 жыл қатарынан көш бастады
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 2 ақпан

2 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 1 ақпан күні ҚХР Индустрия және ақпараттық технологиялар министрлігі жариялаған деректер бойынша, 2025 жылы еліміз кеме жасаудың үш негізгі көрсеткіші бойынша әлемдік нарықтағы үлесі 16 жыл қатарынан көш бастады.
Деректер бойынша, 2025 жылы еліміздегі жасалып болған кемелер көлемі 53,69 миллион дедвейт-тоннаға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,4%-ға өсіп, әлемдік жалпы көлемнің 56,1%-ын құрады; жаңа тапсырыстар 107,82 миллион дедвейт-тоннаға көтеріліп, әлемдік жалпы көлемнің 69%-ын көрсетті. Ал 2025 жылдың желтоқсан айының соңындағы жағдай бойынша қолдағы бар тапсырыстар 274,42 миллион дедвейт-тоннаға ұлғайды. Бұл сәйкес уақытпен салыстырғанда 31,5%-ға өсіп, әлемдік жалпы көлемнің 66,8%-ын құрады.



(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



