Бейжіңдегі алғашқы гуманоидты роботтардың сынақ өндірісі платформасы ресми түрде іске қосылды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 2 ақпан

2 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 2026 жылы 2 қаңтар күні Бейжіңдегі гуманоидты роботтардың инновациялық орталығының сынақ өндірісі платформасы ресми түрде іске қосылды. Бұл —Бейжіңдегі гуманоидты роботтарға арналған алғашқы сынақ өндірісі платформасы. Оған шағын сериялы сынақ өндірісі желісі, бейнеленген ақылды роботтардың демонстрациялық өндіріс желісі, бейнеленген ақылды роботтардың буындарының демонстрациялық өндіріс желісі және кәсіби сынақ зертханасы кіреді. Ол негізгі компоненттерден бастап толық роботтарға дейін толық тізбекті сынақ өндірісі қызметтерін ұсына алады. Қазіргі уақытта платформада 500 сынақ өндірісі мен сынақ жабдықтары жиынтығы бар, оның жылдық өндіріс қуаты 5000 бейнеленген ақылды роботтар жиынтығы болмақ.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото