Қазақстан шетелдік туристерді тарту бойынша жоспарлар қарастыруда

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 3 ақпан

ҚР премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Мемлекет басшысы алға қойған міндеттер шеңберінде туризмді дамыту мәселесі қаралды, деп хабарлайды Қазақстанның Премьер-министрінің ресми ақпараттық сайты.

Жиналыста шетелдік туристер тарту жоспарлары туралы баяндады.

«Көлік саласы туризмді дамытуда маңызды рөл атқарады. Ол өңірлердегі туристік дестинациялардың қолжетімділігін арттырып, туристердің еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Мәселен, Автомобиль жолдары бойынша тоқталсам, бүгінде негізгі туристік аймақтарға көлік қолжетімділігін арттыру үшін республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына құрылыс және жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Рахман қайнарлары, Бейнеу – Сексеуіл, Сарыағаш қаласын айналып өтетін жол, Орталық – Батыс және Қызылорда – Қарағанды бағыттары қамтылған», — деді ҚР көлік министрі Нұрлан Сауранбаев.

Министрдің айтуынша: «Авиация саласында ішкі және халықаралық әуе қатынастарын кеңейту жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда туристік өңірлерді қамтитын 42 ішкі әуе бағытында рейстер жүзеге асырылуда. 9 ішкі әуе қатынастары жаңартылады. Шетелдік туристерді тарту мақсатында Вена, Рим, Токио, Шанхай және басқа да бағыттарды қамтитын 15 халықаралық маршрутты ашу және қайта жаңғырту жоспарланған. Сонымен қатар, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Астана және Алматы әуежайларында Q-gate жүйесі енгізілді. Осы бағытта жұмыстар жалғасатын болады».

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото