- Барлық ақпарат
Шыңжаңда Өзбекстан мұғалімдерінің цифрлық сауаттылығын арттыруға арналған оқу бағдарламасы ашылды

3 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 2 ақпан күні Үрімжідегі Шыңжаң педагогикалық университетінде Өзбекстан мұғалімдерінің цифрлық сауаттылығын арттыруға арналған бір апталық оқу бағдарламасы ашылды. Курсқа Өзбекстаннан келген 43 білім беру басқарушылары мен мұғалімі қатысты.
Бағдарлама жасанды интеллект және ақылды білім беру сияқты озық технологияларға бағытталған теория мен тәжірибенің үйлесімі мен мәдениетаралық алмасу арқылы Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы білім ауыс-күйісін мақсат етеді.
Курс тыңдаушылары ақылды құралдарды сыныпта қолдану әдістерін меңгеруге және оларды өз елдеріндегі оқыту стандарттарын жақсарту үшін әріптестерімен бөлісуге дайын екенін білдірді. Шыңжаң педагогикалық университеті мәліметінше, биылғы жылы қазақстандық мұғалімдерге арналған осындай оқу бағдарламасы іске қосылып, студенттердің жазғы лагерьлері сияқты іс-шаралар ұйымдастырылады. Осылайша Орталық Азия елдерімен білім беру саласындағы ынтымақтастықты үздіксіз ілгерілету жүзеге асырылмақ.
people.cn © People's Daily Online



