Цзянсидің алғашқы транскаспийлік Қытай-Еуропа пойызы жолға шықты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 3 ақпан

3 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Цзянсидің алғашқы транскаспийлік Қытай-Еуропа пойызы 2 ақпанда жолға шықты. Наньчан халықаралық құрлық портынан шыққан мәрмәр бұйымдары, мақта маталары, тұсқағаздар және басқа да тауарлармен толық тиелген пойыз Қорғас порты арқылы елден шығып, Қазақстанды басып өтіп, Каспий теңізі арқылы Әзербайжанның астанасы Бакуге жетеді.

Баку—транскаспийлік халықаралық мультимодальды көлік дәлізіндегі маңызды түйін. Цзянсидің алғашқы транскаспийлік Қытай-Еуропа пойызының іске қосылуымен Наньчаннан Бакуге жөнелтілетін тауарларды Түркияға және басқа елдер мен аймақтарға таратуға болады.

Жауапты тұлғаның айтуынша, бұл жаңа транскаспийлік бағыты Суэц каналы мен Қызыл теңіз арқылы айналып өтпей-ақ, тасымалдау уақытын 50 күннен 18 күнге дейін қысқартатынын айтты. Сондай-ақ, бұл алыс жолдағы теңізде тасымалдаудан болатын жүк шығынын және бірнеше рет қайта тиеу шығындарын азайтып, бизнес үшін логистикалық шығындар орташа есеппен 15%-дан 20%-ға дейін төмендейді.   

Теміржол департаменті сонымен қатар Цзянси Қытай-Еуропа (Азия) жүк пойызының 13 бағытын құрағанын, олар әлемнің 200-ден астам елі мен аймағын байланыстырып, 500-ден астам сыртқы сауда кәсіпорындарына қызмет көрсететінін мәлімдеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото