- Барлық ақпарат
Такламакан шөлінің шетінде бой көтерген «Көгілдір энергетикалық теңіз»

3 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Такламакан шөлінің оңтүстік шетіндегі Минфэн ауданында ұлттық негізгі энергетикалық жоба - Шыңжаң Минфэн 1 миллион киловатт фотоэлектрлік құмды бақылау жобасының (екінші кезеңі) құрлысы негізгі кезеңге өтті. Жақында соңғы фотоэлектрлік модульді орнату аяқталды. Осылайша Қытай теміржолы 23 бөлімше компаниясы салған стандартты учаске жалпы 22 772 жиынтық тұрақты тіреуіш пен 592 072 фотоэлектрлік модульді орнатудың барлық операцияларын сәтті аяқтады. Бұрынғы қылтан шықпайтын шөл дала қазір фотоэлектрлік панельдерден құралған «көгілдір айдынға» айналды. Жоба толық қуаттағы желіге қосылған электр энергиясын өндіруге берік негіз қалады.
Жоба мемлекеттік «Шагэхуан» (құмды шөл) жел және күн электр станциясының негізгі аймағында, Минфэн ауданын құмды шөлден арашалаудың экологиялық тосқауылындағы негізгі нүктеде орналасқан. Жалпы орнатылған қуаты 1 миллион киловатт болатын бұл жоба тек маңызды таза энергетикалық жоба ғана емес, сонымен қатар жергілікті тұрғындардың «құмды бөгеп, өлкесін қорғауға» деген үміті де болып табылады. Жоба аяқталғаннан кейін бірінші жылы шамамен 1,902 миллиард киловатт-сағат жасыл электр энергиясын қамтамасыз етеді. Бұл шамамен 580 000 тонна стандартты көмірді үнемдеу және көмірқышқыл газының шығарындыларын шамамен 1,55 миллион тоннаға азайтумен тең.
people.cn © People's Daily Online



