Қазақстанның зығыр тұқымы Қытай-Орталық Азия пойызымен Иньчуаньға келді

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 5 ақпан

5 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 3 ақпанда Қытай-Орталық Азия пойызы 1767 тонна жоғары сапалы қазақстандық зығыр тұқымын тиеп, Нинся Дүңген автономиялық регионы Иньчуань оңтүстік жүк тасымалдау алаңына жетті.

Мәліметтерге сәйкес, зығыр тұқымы Қытайға Қорғас порты арқылы кіріп, Иньчуань оңтүстік жүк тасымалдау алаңына төте жеткізілген. Келген тауарлар әрі қарай өңдеу үшін жүк көлігімен шапшаң Иньчуань кешенді кедендік аймағына әкелінді.

Кеден аймағында зығыр тұқымы өңделіп, жоғары сапалы тұтынуға жарамды май өнімдеріне айналып, жергілікті және жақын аймақ нарығын тікелей қамтамасыз етуге дайын болады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото