Қытай елге кіретін шетелдіктер үшін цифрлық қызмет тиімділігін арттырады

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 6 ақпан

6 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Қытайдың бірнеше департаменті бірлесіп елге кіретін шетелдіктер үшін цифрлық қызметтердің ыңғайлылығын арттыру туралы құжат әзірледі. Құжат мазмұны цифрлық қызметтегі кедергілерді анықтауға, халықаралық және ыңғайлы қызмет көрсету ортасын құруға және сыртқы әлем үшін жоғары деңгейдегі ашықтықты одан әрі кеңейтуге бағытталған.

Құжатта нақты мақсаттар қойылған: 2027 жылға қарай иммиграциялық қызметтерді жеңілдету дәрежесін едәуір арттыру; орналасу, медициналық көмек, төлем жасау және туризм саласындағы басқа да кедергілерді шешу; 2030 жылға қарай Қытайдың иммиграциялық цифрлық қызметін халықаралық жетекші деңгейге жеткізу.

Жаңа мәліметке бес аспект бойынша 14 нақты шара қосылды. Соның ішінде телекоммуникация қызметтерін пайдалануды жеңілдету, шет тілі қызметін қолдауды күшейту, цифрлық төлемдерді жақсарту, көлік және туризм қызметтерін оңтайландыру, цифрлық медициналық қызметтерді ұсыну, инвестициялар мен үкіметтік қызметтерді үйлестіру көзделген. Сонымен қатар, Қытай шетелдік тұлғаға тиімді және қауіпсіз қызмет көрсету тәжірибесін қамтамасыз ету үшін желілік қауіпсіздік пен деректерді қорғауды күшейтеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото