Қазақстандық колледж оқытушылары Қытайда жасанды интеллект бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 6 ақпан

Қазақстанның барлық өңірлерінен іріктелген 20 колледж оқытушысы Қытайдың Ухань бағдарламалық қамтамасыз ету инженерлік кәсіптік колледжінде жасанды интеллект (AI) бағыты бойынша халықаралық тағылымдамадан өтті. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі жазды.

Тағылымдама бағдарламасы жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясат пен оқыту әдістемесін, заманауи бағдарламалық қамтамасыз ету технологияларын, сондай-ақ смарт-автомобильдер мен трансшекаралық e-commerce бағыттарындағы практикалық дағдыларды қамтыды.

Бағдарлама аясында қатысушылар Ухань қаласындағы жетекші IT және өндірістік компанияларда болып, жасанды интеллект технологияларының нақты өндірістік үдерістерде қолданылуымен танысты.

Тағылымдама қорытындысы бойынша оқытушылар практикалық емтиханды сәтті тапсырып, халықаралық үлгідегі сертификаттарға ие болды. Аталған жоба Қытай мен Қазақстан арасындағы кәсіптік білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтып, болашақтағы бірлескен бастамаларға негіз қалады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото